АҚШ коронавирус жұқтырғаны анықталғандар саны бойынша бірінші орынға шыққанын білесіз. Джон Хопкинс университетінің ресурс орталығы сайтында АҚШ-қа жарты сағатта 1200 кейс қосылды. Мұндай тез өсімді елестету қиын.

Дәл қазір АҚШ-та 95 мың адам анықталып отыр. Ал Италия Қытайды басып озғалы тұр. Imperial College London зерттеуінше, АҚШ үшін ең нашар сценарий жаз соңына дейін 2.2 миллион адамның өлімі екен. Бұл тек вирустан қайтыс болатын адамдар саны. Оған, әрине, көлік апаты, инфарктан немесе өзге де жағдайларда қайтыс болатындар кіріктірілмеген. АҚШ-та адам санына есептегенде емханадағы жатын орындар саны Италиядағыдан аз екен. ICL ғалымдары сәуірдің соңына қарай АҚШ  емханаларында орын қалмайтынын жазады. Ал маусымға қарай, әрбір жатын орынға 15 вирус жұқтырған адам тура келеді.

Өкініштісі, Трамп өзі өткен аптаның сәрсенбісінде айтқан Defense Production актін қолдана алмапты. Оған АҚШ-тың сауда министрлігі мен алып корпорациялардың жетекшілері кедергі болыпты. Соғыстың өзін бизнес деуші еді ғой. Сол сияқты қазіргі пандемияда да корпораттар өздеріне тиімді ұсыныс болмаса, істемейтін болып отыр. Бұл пандемия кезінде америкалықтарға қажет маска, арнайы медициналық киімдер, төсек орындарды дайындау тағы да кейінге қалдырылып отыр деген сөз. Ал медицина қызметкерлеріне қажет киімдер мен маскалар жеткіліксіз болса, олар да жұқтырады. Мысалы, Италияда 4000 медицина қызметкері вирус жұқтырып үлгерген.

Ал Пенсильвания университеті ғалымдарының зерттеуінше, америкалықтар ара қашықтықты сақтап жүрсе, вирустың таралуы 95 пайызға төмендейді. Бірақ соның өзінде 960 мың америкалыққа медициналық көмек қажет болады екен. Ал АҚШ-та қазіргі таңда 180 мың вентилятор бар және АҚШ денсаулық сақтау қызметкерлері бар болғаны 100 мың адамға бір қуатта қызмет көрсете алады.

The Endgame: Вирустың соңғы қалай және қашан бітетініне қатысты оқып, не түсіп жүрген ойларыңыз болса, төменде бөліңіздер! Бірге талқылайық!