АҚШ-та вирус жұқтырғаны анықталғандар саны 125 мыңға жетіп, өлім саны 2 мыңнан асқанда, Нью-Йорк, Жаңа-Орлеан, Чикаго сынды қалаларда минут сайын адамдар өліп жатқанда, Трамп бүгінгі брифингте былай дейді:

«Nobody has ever done what we have done. What we have done nobody can even ever imagine. We are very strong on quarantine. The federal government had done a hell of a job. A lot of incredible things are happening. We are beating it and we are winning the battle».

Ал Ақ Үйдегі пандемияға қарсы күресу мақсатында арнайы құрылған топтың мүшесі Энтони Фаучи есімді дәрігер вакцинаны жасауға 1 жылдан 1,5 жылға дейін уақыт кететінін айтқанда, Трамп «I think we are very close on the vaccine thing» дейді. Меніңше, ол біздің Егемен, Айқын және Бақ kz басылымдары жарыса жазған мақалаларды оқып үлгерген сияқты.

Шынымен, Нью-Йоркта жағдай тым қиын. Бүгінгі АҚШ-та анықталған кейстердің жартысына жуығы осы қалада тіркелгендер. Қала мэрі мен Нью-Йорк губернаторы 30-40 мыңнан вентилятор керек дегенде, Трамп өтірік деп сенбей қойды. «Меніңше, ол асыра сілтеу, it’s a con job» дей салды. Ал кезінде салық төлеушілердің қалтасынан банкроттықтан аман қалған GMC бүгін сол халыққа көмек қолын созу үшін вентилятор жасауға бірден кіріспей, Трамп әкімшілігімен саудаласып жатыр. Сөйтсе де, Трамп «We gonna have plenty of ventilators» деп қояды.

Сондай-ақ, Трамп өз әкімшілігіне штат губернаторларының айтқан сынын көтере алмай, көмекшісі Майк Пенске «хабарласпа оларға [Вашингтон және Мичиган штаттарының губернаторларына], олар бізге рақмет айтып жатқан жоқ, риза емес» деп бұйырды.

Жаңа құрлықты ағылшын империализмінен Джордж Вашингтон алып шықса, құлдықты Авраам Линкольн жойды. Ал елдің халықаралық деңгейде абыройын Теодор Рузвельт арттырса, оны ұлы депрессиядан Франклин Рузвельт алып шықты. Трамп та АҚШ тарихында қалады. Тек ол ең нашар «кризис менеджері» ретінде тарих беттеріне жазылады.

Америкалықтар бұл соғысты жеңіліп жатыр. Себебі олар арасында ұлттық идеология мен бірлік жоқ. Федералды үкімет аймақтардағы жағдайға баға беріп үлгермей жатыр. Нақты нұсқаулық та жоқ. Себебі Трамп «тыңдауды» білмейді. Қасына әрбір сөзін мақұлдай беретін кеңесшілерін жиып алған. Олардың ішінде жағдайды анық көріп бақылап отырған Энтони Фаучи ғана.

Сарапшылар АҚШ-тың Испаниядан 10 күн, ал Италиядан 2 апта артта дейді. 60 миллион халқы бар Италияда бүгінге дейін вирустан өлгендер саны 10 мыңнан асса, 327 миллион халқы АҚШ екі аптадан кейін қанша адамнан айырылуы мүмкін екенін ойлау да қорқынышты. Мұндайда, Италияның премьер министрі жылап, енді не істеу керек екенін білмей тығырыққа тірелгенін мойындаса, Трамп «We are just doing fine» деп жүре беретіні анық.