Коммерсанттар, қару мен фейк вакцина саудасы
АҚШ-та коронавирус пандемиясы төңірегіндегі шуды өз пайдасына шешуге тырысып жатқандар да бар. Мысалы, Джерси ситидегі 99 Cent Dream дүкеніне антисептикалық өнімдерді әдейі қымбаттатып ($2.99-дан $6.99-ға) сатқаны үшін 90 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салыныпты. Мұндай кейстер саны АҚШ бойынша бірнеше мыңға жетеді.
АҚШ-тағы 40 штат прокуратураларында бағаның негізсіз өсуіне қатысты шағымдарды қарауға арнайы топ құрылыпты. Сондай-ақ, олар Facebook, Amazon, Craiglist, Walmart және eBay сынды компанияларға арнайы хат жазып, дағдарыс коммерсанттарын бақылауға алуды сұраған. Нәтижесінде, Амазон 2500 сатушы аккаунттарын жауып, 530 мың тауарды онлайн ретейлдерінен алып тастаған.
Бір қызығы, Пандемия АҚШ-та ушыға басталғалы бері қару иемдену де көбейген. Жалпы АҚШ-тың кез келген штатында қару сатып алуға болады. Бұл кейбір штаттарда күрделі әрі қиын процесс болса, Калифорния, Техас, Алабама сынды штаттарда жасыңыз 18-ге толып, сотталмаған болсаңыз болды.
Мен әлі коронавирус пандемиясының экономикаға келтіретін залалына анализ жасаған жоқпын. Бірақ қазірдің өзінде оның соншалықты үлкен болатыны байқалып келеді. Соңғы аптада, 4 миллионға жуық америкалық жұмыссыздарға төленетін көмек ақысын алуға өтініш берген. Миллиондаған шыған және орта бизнес өкілдері тоқырау қарсаңында. Ал ондай экономикалық қиын жағдайда миллиондаған жұмыссыз қалған адамдардың қандай да бір пайыз бөлігі біршама уақыттан кейін өздеріне қажет затты алу үшін заңсыз әрекетте баратыны анық. Сол себепті де америкалықтар өз қауіпсіздігі үшін жаппай қару сатып алып жатыр. Оған Уолл стриттегі биржа миллиардтаған шығын көріп жатқанда, қаржы индекстерінде қару шығаратын American Outdoor Brands, Sturm Ruger & Co сынды компанияларының акциялары қымбаттағаны дәлел бола алады. Ал Yelp дейтін ревьюге негізделген компания әкімшілігі мобильді қосымшасының қолданушыларының арасында қару дүкендерін іздеушілер көрсеткіші 360 пайызға артқанын мәлімдеді.
Трамптың расталмаған деректерге сүйеніп, ресми мәлімдемелерін жиі жасағанының арқасында фармацевтикалық компаниялардың акциялары да Уолл стритте жақсы көтеріліп жатыр. Inovio фармацевтикалық компаниясы INO-4800 деп аталатын коронавирусқа қарсы вакцинаны дайындап жатыр. Ол әлі адамдарға қолданылмаған болса да, потенциалды деп күтілген. Сондықтан олардың акциясы күн сайын өсіп жатыр. Мысалы, аталмыш компания қаңтар және ақпан айларында қосымша акцияларын сатылымға шығару арқылы 208 миллион АҚШ долларын тауыпты.
Ал фейк жаңалықтар мен әлеуметтік желілердегі расталмаған ақпараттар адамдардың түрлі өтірік вакциналарды өз денелеріне қолданып, қайтыс болып жатқан азаматтар да баршылық екен. Маларияға қарсы вакцина коронавирусқа қарсы ресми тестілеуден өткізілмесе де, қазір нарықта дерлік жоқ. Тек дарк нет арқылы өте қымбат бағада табу мүмкін болып отыр екен. Сосын бүгін АҚШ-тағы Food and Drug әкімшілігі (FDA) жетекшілері малария вакцинасын тестсіз қолдана беруге рұқсат берді («Бұл вакцина тиімділігі әзірге анық емес. Бірақ еш зияны жоқ. Сол үшін де қолдана беруге болады» делінген). Бұл мен үшін шок жаңалық болды. Вакцинаны тестілеуден өткізбей рұқсат беретін критикалық жағдайға жетіп қалғанға ұқсаймыз. Сосын бұл жаңалық жаңа вакцинаға сұранысты тағы арттырды. Америкалықтар енді сол малария вакцинасын Мексикаға өтіп барып, сатып алып жатыр екен.
Ал осыдан бір аптадай бұрын ‘Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы растаған COVID-19 вакцинасы’ деп онлайн сауда жүргізіп жатқан алаяқтар құрықталған. Мұндай әрекеттер христиан діні өкілдерінің арасында да жанданған. Коронавирусқа қарсы емі бар құдіретті суды (Silver Solution деп аталады) жарнамалап жүрген діни телеарналар бар.
Америкадағы авторитетті телевангелист Джим Баккер: «Бұл вирус Библия жазылғандай адам баласының соңына жететін төрт салт аттының соңғысы болуы мүмкін» дейді. Ол құдаймен тілдескенін айтып, Silver Solution деп аталытын өнімді сатып алуға шақырады. Бағасы $125 екен. Ал жақында расталмаған вакцинаны саудалаумен айналысты деп оның үстінен іс қозғалғаны белгілі болып отыр.
Vic Berger Presents: TV Pastor Jim Bakker Really Wants You to Think He Can Cure Coronavirus
The coronavirus outbreak has spread around the world causing fear and uncertainty about the health of humanity. Thankfully, televangelist Jim Bakker and his wife Lori have a cure.
Опубликовано VICE News Пятница, 20 марта 2020 г.