АҚШ полициясы қатігез, ал қазақ полициясы жұмсақ дейтіндерге!
Рационалды ойлауды ешкім жоймады. Фейсбуктегі соңғы посттарға қарап, нағыз pro-government, Ерлан Карин сияқты «мемлекетшілдік» деп қазіргі билікті ақтап алуға тырысатындарды көбірек байқай бастадым. Статистиканы қарап, зерттеген соң, бір жақты, яғни өзіңе тиімді жақты ғана ақтармай, соңына дейін қарамағаны жөн болмаған. АҚШ пен Қазақстандағы полиция қызметкерлерін…
АҚШ-тағы протестер: Мотив және провокация
АҚШ-та соңғы бір аптадан бері болып жатқан протестерге Нью-Йорктағы Эми Купер есімді америкалықтың әрекеті мен Миннеаполис қаласында Джордж Флойд есімді афро-америкалық азаматтың полиция офицерінің қолынан мерт болуы түрткі болды. Кристиан Купер есімді афро-америкалық Нью-Йорктың орталық паркіндегі құстар сайрайтын аймағында Эми Купер (тегтерінің бірдей болуы кездейсоқтық)…
Қазақстан эскалация алдында немесе Ресейдегі коронавирус қарқыны Қазақстанда қайталана ма?
Ресей вирус жұқтырғаны анықталғандар саны бойынша екінші орынға 12 мамырда шықты. Дәл бүгінгі есеп бойынша вирус жұқтырғандар саны 317 554-ге, ал өлім саны 3099-ға жетті. Ресейдегі вирус жұқтырғандар санының өсу қарқынын зерттей отырып, Қазақстандағы кейстердің эскалациясын анықтап көрейік. Менің ойымша, Ресей мен Қазақстандағы халық санының…
АҚШ-тың карантиннен шығуы неге қиын?
Күні кеше карантин шараларын босаңсытқан Ливан қайта жабылды. Себебі вирус жұқтырғандар саны тағы да күрт өскен. Өткенде дәл осындай жағдайға Сингапур елі тап болғаны жайлы да жаздым. Сәуір айында АҚШ бойымен түрлі штат орталықтарында карантин шараларына қарсы протестер өтті. Қазір сондай толқындар Еуропада ушыққаны белгілі….
Қазақстанда мамырдың 10-нан кейстер саны күрт өседі. Ал маусымның басында шарықтау шегіне жетеді
Неге олай екенін анықтау үшін математикаға жүгінейік. Есепке Италия, АҚШ, Ресей және Қазақстан кейстерін кіріктіреміз. Ал өсу қарқынын алғашқы кейс тіркелгеннен жалпы карантин енгізілгенге дейінгі және карантин бекітілген күннен бүгінге дейінгі уақыт аралығын қарастырамыз. – Италияда коронавирус жұқтырған алғашқы кейс 31 қаңтарда тіркелді. Ал Италия…
Пандемиядан шығудың үш жолы бар
Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп отыр. Бүгінге дейін әлемде 3 миллионнан астам коронавирус кейсі анықталса, 217 мың адам сол вирустан өлген. Вирустың бірінші толқынынан Қытай, Тайван, Оңтүстік Корея, Сингапур сынды елдер өтті. Кейбіреулерінде коронавирустың екінші толқыны қайта басталып та үлгерді. Ал Испания, Италия және…
АҚШ доллары құрдымға кете ме?
Наурыз айында америкалық ФедРезерв АҚШ экономикасының минусқа кетпеуі (рецессия) мен доллардың құнсызданбауы (инфляция) үшін несие берудегі пайыздық көрсеткішті төмендетіп еді. Сол кезде теңгенің АҚШ долларына шаққандағы құны 381- ден 461-ге өсіп кетті. Сол кезден бастап орыс басылымдары “АҚШ-тың саяси әрі экономикалық гегемониясы бітті” немесе “Доллар…
Экономика әлде адам өмірі?
АҚШ-тағы ұлы депрессия жайлы оқыған боларсыз. АҚШ тарихындағы экономикалық тұрғыдан ең қиын кезеңдердің бірі болған. Сол кезде халықтың 25 пайызы жұмыссыз қалып қойған. Соның есебінен қылмыс та, көлеңкелі экономика да өскен. АҚШ-та коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай 13 наурызда жарияланды. Содан 1 ай 10 күн…
Netflix-те не көруге болады?
Карантин кезінде нені оқып, нені көруді бәріңіз де ойластырып, жасап жүрген шығарсыз. Мен өзім көрген Netflix фильмдерін ұсынайын (маған ең ұнаған фильмдер басында): The Platform – Гальдер Уррутия есімді испан режиссерінің фильмі. Идея шынайы өмірді вертикалды түрмемен иллюстрациялаудан басталған. Қазіргі капиталистік қоғамда ауқатты азаматтар ешнәрседен…
Коронавирусты Путин мен Наразбаев ұйымдастырды ма?
Дос және таныстарымның арасында «Вирус өзі бар ма?», «Бұл Назарбаев пен Путиннің митингтерді болдырмау және билік транзитін жасау үшін қолдан жасап отырғаны ма?» немесе “Адам өлгенін көріп жүрген жоқпыз, жай сандар өсіп жатқан сияқты” дейтін түрлі ойларды естіп жүрмін. Бір сөзбен айтқанда осындай ойға ие…