Назарбаев та, Тоқаев та импичмент алған болар еді
Соңғы екі күн бойы АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы импичмент мәселесін талқылады. Бүгін таңғы 9:00-ден түнгі 11:00-ге дейін Конгресстегі 435 өкілдер мүшесі Трампқа тағылған екі айыпты бүге-шігесіне шейін талқылады. АҚШ Конгресіндегі дискуссияны тыңдасаңыз, Қазақстан Парламентінің ақылға сыймайтын деңгейде қолдан жасалғанына көзіңіз жетеді (бір ауыздан қолдап шыға беретін симулятор клондар).
Демократтар мен республикалықтар алма кезек сөз сөйдеп, салмақты аргументтер айтты. Шынымды айтсам, екі жақтың аргументтерін тыңдап отырып, бір оңшылдарға, бір солшылдарға болысып кете бердім. Сосын университеттегі профессорларымның бірімен осы тақырыпта ұзақ сөйлестік. Ол кісі халықаралық журналистика бойынша дәріс оқиды. Қазақстан жайлы білері айтарлықтай көп екен. Сөз арасында Қазақстандағы саясат жайлы әңгіме құрып, ол былай деді:
«Егер америкалық қоғамдағы реалияда Назарбаев не Тоқаев президент болғанда, әлдеқашан импичмент алып кеткен болар еді». Айтқандай, импичмент туралы заң АҚШ-тағыдай Қазақстанның да Конституциясында жазылған.
For the record: АҚШ-та президент Трампқа импичмент жариялау процесі жүріп жатыр. Әзірге, оған екі айып тағылған. Бірі “Abuse of Power”, екіншісі “Obstruction of Congress”.
Біріншісі, Трамп Украина президенті Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен кезде өзінің сайлаудағы қарсыласы Джо Байденнің баласының Украинадағы коррупцияға қатысы бар не жоғын анықтауды сұраған. Осы әрекеті «Трамп президенттік статусын өз мүддесіне пайдаланды» деп аталды. Ал екіншісі Конгресс талабын орындамауы болып отыр. Қараша айында өткен импичмент тыңдаулары кезінде Конгресс Трамптың қол астындағы қызметкерлерді де Капитолийге жауап беруге шақырған еді. Оған Трамп рұқсат бермеді. Сосын өзі де желтоқсан басындағы шақыруға келмеді.
Бүгін Eastern Pacific Time уақыты бойынша сағат таңғы 10:00-де Конгресс өкілдері палатасы импичментке қатысты дауыс береді. Егер 435 өкілдің үштен екі бөлігі импичментті қолдаса, импичмент мәселесі Сенатқа жіберіледі. Сосын Сенат өз тергеуін бастайды.
Екі күндік дискуссиялардан кейін түйген ойым, Трампқа импичмент жарияланбайды. Себебі республикалықтар арасында импичментті қолдайтын бірде-бір адам жоқ. Ал демократтар арасында импичментті қолдамайтындар бар болып шықты.