АҚШ полициясы қатігез, ал қазақ полициясы жұмсақ дейтіндерге!
Пікір
Рационалды ойлауды ешкім жоймады. Фейсбуктегі соңғы посттарға қарап, нағыз pro-government, Ерлан Карин сияқты «мемлекетшілдік» деп қазіргі билікті ақтап алуға тырысатындарды көбірек байқай бастадым. Статистиканы қарап, зерттеген соң, бір жақты, яғни өзіңе тиімді жақты ғана ақтармай, соңына дейін қарамағаны жөн болмаған.
АҚШ пен Қазақстандағы полиция қызметкерлерін салыстыруға келмейді. Неге екенін анықтау үшін алдымен екі қоғамды салыстырайық. Gallup аналитикалық компаниясының соңғы зерттеуіне орай, кәмелетке толған америкалықтардың 30 пайызы, яғни 70 миллион америкалық қару иемденеді екен. Ал 43 пайызы қару сақталатын үйде тұратынын білдірген. Ал жалпы барлық америкалықтың қолындағы қаруды арсенал ретінде жисаң (393 миллион дана), АҚШ әскері мен құқық қорғау органдарында бар қару көлемінен де асып кетеді. 393 миллион дана қару дегеніміз әрбір 100 америкалыққа (балаларды да қоса есептегенде) 120 данадан келетінін білдіреді.
Қару иемдену былай тұрсын, республикалықтар, яғни консерваторлар қаруды үйде сақтаумен қатар түрлі қоғамдық орындарға барғанда алып жүруге рұқсат беруді талап етіп жатыр. Кейбір штаттарда рұқсат берілген, яғни супермаркетте немесе барда қару асынып жүрген азаматтарды көресің. Ондай ерегісе қалсаң, біттің деген сөз.
Сол үшін де полиция қызметкерлері аса дайындықпен, қауіп төнгенде бірден атуға дағдыланған. Себебі олар да қару иемденген Redneck Yankee немесе ақ ұлтшыл консерватордың қолынан мерт болғысы келмейді. FBI есебі бойынша өткен жылы сондай мырқтардың қолынан 89 құқық қорғау органы қызметкері қызметі барысында мерт болған. Енді Қазақстанға қайтып оралайық. Әрбір қазақстандыққа қанша қару тура келетінін санау да ақылға қонбайды. Себебі Қазақстанда үйде қару ұстау АҚШ-тағыдай дағдыға айналмаған. Сосын Қазақстанда қызметі кезінде қанша полиция қызметкері мерт болды? Ол статистиканы тапсаң да, АҚШ-пен салыстыруға келмейді.
Өткен жылы Нью-Йорктағы досымның досы бір америкалықтың қолынан инвалидтерге арналған жерге көлігін қойғанын ескерткені үшін мерт болғанын естідім. Сондай инциденттер болған кезде полиция қызметкері қалай әрекет етуі керек? Полиция максимум ескерту айтқан азаматты өлтіре салған реднекті сөзбен тоқтатуға тырысады. Болмаса, яғни ол қаруын тастамаса, олар атуға тиісті. Себебі полицияның қызметі қоғамда тәртіп орнатумен қатар өзіне қауіп төнгенде қорғануға да құқылы.
Бұл жерде АҚШ полициясын да ақтап алуға болмайды. Себебі түрлі жағдайда өз позициясын асыра сілтеп пайдаланатын (Eric Garner, George Floyd, Beonna Taylor кейстері) немесе абайсызда қарусыз азаматты атып жіберетін оқиғалар да тіркелген. Дәл сондай посттар арқылы сол «мемлекетшілдер» Дұлат Ағаділдің өліміне айыпты құқық қорғау қызметкерлерін ақтап алуға тырысып жатқандары көрініп-ақ тұр. Біле тұра олай етпеуге, рационалды ойлауға шақырамын!
Popular tags
Bayrock LLC
stay-at-home order
The Wall Street Journal
Trumbullplex
Trump Soho
Анатолий Чубайс
АҚШ
Ақ үй
Березовский
Болашақ
Борис Немцов
Владимир Потанин
Гусинский
Демократия
Детройт
Дональд Трамп
Егор Гайдар
Ельцин
Зюганов
Илон Маск
Коммунизм
Коронавирус шарықтау шегі
Коронавирус Қазақстанда
Машкевич
Михаил Ходорковский
Назарбаев
Орыс олигархтары
Путин
Ресей
Тевфик
Феликс Сатер
журналистика
индивидуализм
карантин
коллективизм
коронавирус
коронавирус болжам
коронавирусқа тест
магистратура
приватизация
расизм
феминизм
фордизм
Қазақстан
қару саудасы