Мен, Жолдас Өрісбай, Өзбекстан республикасы, Ташкент облысы Бостандық ауданы Абай ауылында тудым. 2011-15 жылдары ҚазҰУ Филология факультетінде білім алдым. Университет жылдары лингвистика саласында ғылыми зерттеумен айналыстым. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі синонимдік етістіктердің семанитикалық вариативтенуін зерттеп, бірнеше ғылыми конференцияларға қатыстым. Аталмыш ғылыми жобамның тезисі The World Of Science ғылыми топтамасында жарық көрді.
2014 жылдан бері журналистика саласына қызыға түстім. Massaget.kz, 7kun.kz және informburo.kz басылымдарына жұмыс істеп, 2016 жылы Нью-Йорк қаласында деректі фильм түсіру мақсатында жол тарттым. Алғашқы фильмде АҚШ-тағы иммигранттар өмірі, нақтырақ, Орта Азиялық иммигранттар жайлы деректер айтылады.
Ал 2019 жылы білімді тағы да шыңдау мақсатында Болашақ бағдарламасымен АҚШ-тың Мичиган штаты университетіне (Michigan State University) журналистика бойынша магистр оқуына түстім. Оқу барысында медиа саласындағы түрлі зерттеумен айналыстым. Зерттеген тақырыптарыма шешімге бағытталған журналистика (Solutions Journalism), Ресей пропагандасы, қазақтың журналистика тарихына шолу, Желтоқсан көтерілісіне фотоанализ, Қазақ медиа ресурстарының фактчекинг мәселелері кіреді. Одан бөлек, университеттің Capital News Service қызметінде тілші болып, Мичигандағы The Detroit News, The Mining Journal, Lansing City Pulse, Hillsdale Daily News, Harbor Light, Petoskey News-Review, Mainestee News сынды басылымдарына мақалаларым жарық көрді. Одан бөлек, Колумбия университетіндегі EurasiaNet.org басылымына да Қазақстандағы пандемия ахуалы жайлы мақалалар жаздым.
Сонымен қатар, оқу барысында Ресей экономикасы және деректі фильм түсіру саласы бойынша қосымша курс алып, АҚШ-тағы ең экономикалық жағдайы қиын Детройт қаласы жайлы деректі фильм дайындадым. Қазіргі таңда, университеттегі соңғы кәсіби жобасын аяқтап жатыр.
E-mail: orisbaye@msu.edu